Бокс
5 наурыз 14:27
 

Әлем чемпионы жеңілмеген қазақ боксшымен айқастан сытылудың амалын тапты

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионы жеңілмеген қазақ боксшымен айқастан сытылудың амалын тапты ©instagram.com/caballobronco

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) жекпе-жекке шықпай қою мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) жекпе-жекке шықпай қою мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBC доминиканалыққа белбеуін Нұрсұлтановпен жекпе-жекте қорғауға міндеттегенімен, Адамес ұйымның жылына бір қорғау ғана өткізу туралы ережесін алға тарта алады.  

Ұйымның растауы ғана қажет

Адамес 22 ақпанда британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) жекпе-жекте тең түсіп, белбеуін сақтап қалды. Егер ұйым Адамес пен Шираздың айқасын міндетті қорғауға жатқызса, доминиканалық өзге қарсылас таңдай алады, деп жазады Boxing Scene.

Еске салайық, Нұрсұлтанов кейінгі рет 2023 жылы қарашада жұдырықтасты. Ол кезде Мейірім чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) жеңген еді. Ұзақ үзіліске қарамастан қазақ боксшы WBC рейтингінде үшінші тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!