Әлем чемпионы жеңілмеген қазақ боксшыға қатысты мәлімдеме жасады

©Suleimen Promotions

WBA Regular тұжырымы бойынш әлем чемпионы кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) BoxingScene.com сайтына берген сұхбатында қазақстандық Айдос Ербосынұлымен өтетін айқасқа қалай дайындалғанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Ербосынұлы мықты спортшы. Ол өте ақылды және тактикалық тұрғыда мықты боксшы. Қарсыласқа немқұрайлы қарауға болмайды. Мен оған құрметпен қараймын және керемет бокс кешін өткіземіз деген ойдамын. Нокаутқа түсіремін деген нақты жоспарым жоқ. Орайы келіп жатса міндетті түрде нокаутқа түсіремін. Алдағы айқаста менің ең мықты тұстарымды көресіздер", - деді Моррел.

Еске салайық, бокс кеші 6 қараша күні Миннеаполисте (АҚШ) таңғы уақытта басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар