Әлем чемпионы жанкүйерлер көңілін құлазытқан мәлімдеме жасады

©RingSide24

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри отандасы Диллиан Уайтпен жекпе-жектен кейін бокстан кететінін растады, деп хабарлайды sports.ru.

"Осы айқастан кейін карьерамды аяқтағым келе ме? Иә. Уайт екеуміз тамаша шоу көрсетеміз. Мен расымен жақсы айқас өткізгім келеді. Содан кейін кетем. 

Жеңемін де кетемін. Жұдырықтасып жүргеніме 20 жыл болды. Танымал болғым келмейді деп өтірік айтпай-ақ қояйын, тек киножұлдыздар сияқты болғым келмейді. Біраз уақыт жалғыздықта, бәрлық әлеуметтік желіні өшіріп тастап жатқым келеді. 

Бір айқас, одан кейін мәңгі қоштасамын", – дейді Фьюри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар