Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (29-0) жеңіл салмақтағы WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, америкалық Кейшон Дэвиспен (14-0) спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Спарринг АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы жаттығу жиыны кезінде өтті. Жанқош мұнда наурыз айында бапкері Сағатбек Мұсаханов және боксшы Балауса Мұздиманмен бірге келген болатын.
Тұраров Дэвиспен бірге түскен суретін жариялап, одан жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алғанын және оны қабылдағанын жеткізді.
"Әлем чемпионы Кейшон Дэвиспен жақсы спарринг өткіздік. Ол жекпе-жек өткізуді ұсынды - біз дайынбыз. Окей. Кейшон Дэвис - WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Кеттік, жекпе-жекке!", - деді Тұраров.