Жарнама

Бокс
Бүгін 14:30
 

Әлем чемпионы Жанқошты айқасқа шақырды: Тұраров жауап қайырды

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионы Жанқошты айқасқа шақырды: Тұраров жауап қайырды ©Zhankosh Team

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (29-0) жеңіл салмақтағы WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, америкалық Кейшон Дэвиспен (14-0) спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (29-0) жеңіл салмақтағы WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, америкалық Кейшон Дэвиспен (14-0) спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спарринг АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы жаттығу жиыны кезінде өтті. Жанқош мұнда наурыз айында бапкері Сағатбек Мұсаханов және боксшы Балауса Мұздиманмен бірге келген болатын.

Тұраров Дэвиспен бірге түскен суретін жариялап, одан жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алғанын және оны қабылдағанын жеткізді.

"Әлем чемпионы Кейшон Дэвиспен жақсы спарринг өткіздік. Ол жекпе-жек өткізуді ұсынды - біз дайынбыз. Окей. Кейшон Дэвис - WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Кеттік, жекпе-жекке!", - деді Тұраров.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!