Бокс
2 қыркүйек 09:37

Әлем чемпионы Жәнібекпен айқасқа қатысты тым қатты сөз айтып жіберді

©Ready to Fight

Орта салмақта WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жекке неге келіспей жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Әлімханұлы әлеуметтік желіде былай деп жазған:

"Шынымды айтсам, мен Адамес пен оның командасын түсінбеймін! Чемпион чемпионмен жұдырықтасуы керек емес пе? Менде екі белбеу бар. Олар неге менімен рингке шығудан бас тартып отыр? Қаржы жағынан да ешқандай қиындық жоқ! Шынымен де түсінбеймін".

Оған жауап ретінде Адамес былай деді:

"Бұл жекпе-жекке ешбір промоутер қызығып отырған жоқ".

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға бұған дейін Түрки Әл аш-Шейх талпыныс жасаған болатын. Бұл кездесу 22 қарашада Эр-Риядта өтетін "Чемпиондар түні" аясында жоспарланған еді. Алайда Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері жөніндегі Бас басқармасының мәліметінше, келіссөздер Адаместің кесірінен үзілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport