Орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) титул біріктіретін жекпе-жектен неге бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Турки Әл аш-Шейх доминиканалық боксшыға орта дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібекпен қараша айында айқасуды ұсынғанын мәлімдеген. Алайда суперинвестор Адаместен нақты жауап ала алмай ұсыныс кері қайтарылған.
Адамес Әлімханұлымен жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірдіЖағдайға қатысты боксшының әлеуметтік желісіне жазылған жанкүйердің бірі пікір білдіріп, былай деп жазды:
"Миллиардерден дивизионды біріктіру туралы ұсыныс алған боксшы мұны қалайша қабылдамай тастайды - түсінбеймін".
Оған жауап ретінде Адамес былай деді:"Сен түсінбейсің, себебі бұл "миллионер" лайықты ұсыныс жасаған жоқ".
Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет 2025 жылдың сәуірінде Астанада шаршы алаңға шықты. Ол бесінші раундта франциялықАнауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңіп, титулдарын сәтті қорғады.
Ал Карлос Адамес 2025 жылдың ақпанында британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) тең түскен, нәтижесінде өз белбеуін сақтап қалды.