Бокс
26 тамыз 10:47
 

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен айқасудан неге бас тартқанын айтты

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен айқасудан неге бас тартқанын айтты ©Fight.ru

Орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) титул біріктіретін жекпе-жектен неге бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) титул біріктіретін жекпе-жектен неге бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Турки Әл аш-Шейх доминиканалық боксшыға орта дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібекпен қараша айында айқасуды ұсынғанын мәлімдеген. Алайда суперинвестор Адаместен нақты жауап ала алмай ұсыныс кері қайтарылған.

Адамес Әлімханұлымен жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді

Жағдайға қатысты боксшының әлеуметтік желісіне жазылған жанкүйердің бірі пікір білдіріп, былай деп жазды:

"Миллиардерден дивизионды біріктіру туралы ұсыныс алған боксшы мұны қалайша қабылдамай тастайды - түсінбеймін".

Оған жауап ретінде Адамес былай деді:

"Сен түсінбейсің, себебі бұл "миллионер" лайықты ұсыныс жасаған жоқ".

Әлімханұлы мен Адамес бір-бір қорғау өткізді

Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет 2025 жылдың сәуірінде Астанада шаршы алаңға шықты. Ол бесінші раундта франциялықАнауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңіп, титулдарын сәтті қорғады.

Ал Карлос Адамес 2025 жылдың ақпанында британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) тең түскен, нәтижесінде өз белбеуін сақтап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!