Әлем чемпионы Головкиннің қарсыласынан нокаутқа түскен өзбекстандық Бектемир Меликузиевке қолдау білдірді

Сурет: Sye Williams/Golden Boy©

Рекордты сегіз жекпе-жекте екі бірдей титул (WBA және IBF) жеңіп алып, белбеулер біріктірген өзбекстандық бірінші чемпион атанған Муроджон Ахмадалиев америкалық Габриэль Росадодан (26-13-1, 15 KO) нокаутпен жеңілген отандасы Бектемир Меликузиевке (7-1, 6 KO) қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Росадо - Меликузиев кездесуі өткен демалыста АҚШ-тың Эль-Пасо қаласында өтіп, үшінші раундта аяқталды. Бұл өзбек боксшының кәсіпқой карьерасындағы бірінші жеңілісі болды.

"Жеңіс пен жеңіліс те Алладан. Кейде күштілерге осындай сынақтан өтуге тура келеді. Сенің қолыңнан не келетінін біз жақсы білеміз. ИншаАллах алда сені үлкен жеңістер күтіп тұр, ал мына жеңіліс солардың көлеңкесінде қалады", - деп жазыпты Ахмадалиев Instagram желісінде.