Бокс
27 наурыз 2021 20:28

Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісім берді

Геннадий Головкин. Фото: DAZN©

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0-0, 22 KO) IBF және IBO нұсқалары бойынша осы салмақ дәрежесіндегі чемпион қазақстандық  Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO)жекпе-жек өткізуге келісім берді,- деп хабарлайды Vesti.kz.


“GGG әлі де көш басында. Егер мен “Канеломен” жекпе-жекке шыға алмасам, тым болмаса, мен Головкинмен кездесуге қол жеткізе аламын, солай ғой? Сіздер мені тексергенін қалайсыздар. Деревянченко ештеңе дәлелдей алмағаны бәріне аян. Алайда, ол мені “Канеломен” кездесуге жеткізеді деген еді. Мен оны жеңдім. Бірақ менің қалағанымды ешкім бере алмай отыр.
 
Мен Головкинмен кездесуді қабыл аламын. Әрине, ондай мүмкіндік туып жатса. Менің менеджерлерім дұрыс шешім шығарады. Сондықтан, білуімше, мен міндетті дүрде онымен жекпе-жекке шығамын. Мен орта салмақтағы белбеулерді бір жерге жинағым келеді. Біз бұл кездесуді жасай аламыз және жасау керекпіз” - дейді өз сөзінде Чарло  Boxingscene.com редакциясына берген сұқбатында.
 
Естеріңізге сала кетейік, Чарло өткен қыркүйекте Сергей Деревянченконы (13-3, 10 KO) төрешілер шешімі бойынша жеңіп, өз титулдарын қорғап қалған болатын. Ал украиналық өз кезегінде 2019 жылы Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапқан еді.
 
Головкин желтоқсанда польшалық Камил Шереметаны  (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңіп, рекордты 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап қалған болатын.