Бокс
Бүгін 22:17

Әлем чемпионы ел біріншілігінде жеңіліп сенсация болды

©Видеодан кадр

Қазақстан құрамасының боксшысы, Ақмола облысының намысын қорғайтын Оразбек Асылқұлов Таразда өтіп жатқан ел чемпионатында сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол Жетісу облысының боксшысы Әділбек Қожаханнан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Асылқұлов финалға шыға алмай, қола жүлдені қанағат тұтты. Ал Қожахан шешуші жекпе-жекте алтын үшін бақ сынайды.

2026 жылғы ел чемпиондарын анықтайтын барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жектер 6 қарашада өтеді.

29 жастағы Асылқұлов - IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионы.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport