Ресейлік боксшы Мурат Гассиев Армения азаматтығын алды, деп хабарлайды Vesti.kz елдің білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің орынбасары Карен Гилоян енді Гассиев Армения туымен жекпе-жектер өткізеді деген үмітін білдірді. Боксшының өзі де мұндайды жоққа шығармады.
Айта кетейік, Гассиев қазақстандық Геннадий Головкиннің досы. Боксшылар Абель Санчестің қол астында бірге жаттыққан болатын.
Мурат келесі жекпе-жегін 3 наурыз Ереванда өтетін бокс кешінде америкалық Майк Балоганға қарсы өткізеді. Бұл айқаста ауыр салмақта WBA Inter-Continental титулы сарапқа салынады.
29 жастағы Гассиев - бірінші ауыр салмақта WBA (2018) және IBF (2016-2018) чемпионы болған.