Бокс
2 наурыз 2023 09:38
 

Әлем чемпионы болған Головкиннің ресейлік досы басқа ел азаматтығын алды

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионы болған Головкиннің ресейлік досы басқа ел азаматтығын алды ©instagram.com/gggboxing/

Ресейлік боксшы Мурат Гассиев Армения азаматтығын алды, деп хабарлайды Vesti.kz елдің білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

blog.share

Ресейлік боксшы Мурат Гассиев Армения азаматтығын алды, деп хабарлайды Vesti.kz елдің білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрдің орынбасары Карен Гилоян енді Гассиев Армения туымен жекпе-жектер өткізеді деген үмітін білдірді. Боксшының өзі де мұндайды жоққа шығармады. 

Айта кетейік, Гассиев қазақстандық Геннадий Головкиннің досы. Боксшылар Абель Санчестің қол астында бірге жаттыққан болатын. 

Мурат келесі жекпе-жегін 3 наурыз Ереванда өтетін бокс кешінде америкалық Майк Балоганға қарсы өткізеді. Бұл айқаста ауыр салмақта WBA Inter-Continental титулы сарапқа салынады.

29 жастағы Гассиев - бірінші ауыр салмақта WBA (2018) және IBF (2016-2018) чемпионы болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!