Бокс
19 қазан 17:50
 

Әлем чемпионы биылғы ел чемпионатында жүлделі орынға іліге алмады

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионы биылғы ел чемпионатында жүлделі орынға іліге алмады ©gov.kz

38 жастағы Теміртас Жүсіпов Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында жүлделі орынға іліге алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

38 жастағы Теміртас Жүсіпов Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында жүлделі орынға іліге алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еліміздің тәжірибелі былғары қолғап шебері Теміртас Жүсіпов Нұрсұлтан Нүрденовпен күш сынасты.

Бірінші раундта Жүсіпов айқын басымдық танытып, сенімді түрде ұтты. Алайда екінші раундта қарсыласы қарқынын үдетіп, төрешілердің пікірі екіге жарылды. Үшінші раундта Нүрденов басымдықты өз қолына алып, нәтижесінде Теміртас Жүсіпов төрешілердің екіге жарылған шешімі бойынша жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін Семей қаласында жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құраманың жаңа құрамы анықталады.

Теміртас Жүсіпов 2021 жылғы әлем чемпионы және Қазақстан чемпионатында 8 рет топ жарған боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!