Әлем чемпионы Азия чемпионатындағы үшінші алтынды қанжығаға байлады

Фото: КФБ©

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Дина Жоламан Өзбекстан боксшысы Ситора Шогдарованы жеңіп, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 Ақтық бәсеке төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен аяқталды. Осылайша 2016 жылы  әлем чемпионатын жеңген Дина турнирдің қатарынан үшінші жеңімпазы атанып отыр.

Метки:
Жаңалықтар