Бокс
23 тамыз 2022 10:12

Әлем чемпионы Әлімханұлымен жекпе-жекке қатысты түбегейлі шешім қабылдады

©ExactNetWorth

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) келесі дивизионға өтпекші, деп хабарлайды BoxingScene.

Мәлімет көзінің ақпаратынша, Андраде орта салмақтағы титулдан бас тартып, екінші орта дивизионға (76,2 кг) көтерілмек. Америкалықтың мұндай қадамға баруының себебі - Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 KO) жекпе-жекке шыққысы келмейтіндігі мен орта салмақта карьерасының болашағы бұлыңғыр болуы. 

Андраде 2021 жылы қарашада ирландиялық Джейсон Куиглиді (19-2, 14 KO) жеңгелі бері рингке шықпады. Ал айқастан кейін әлсіз қарсылас таңдады деп сынға қалды. 

Жәнібек мамырда WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport