Әлем чемпионы ағайынды Кличколар, Әли мен Тайсон арасындағы үздіктерді атады

©Getty Images

WBA super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик Виталий мен Владимир Кличко және Мұхаммед Әли мен Майк Тайсон арасындағы үздік боксшыны атады.

"Мұхаммед Әли мен Виталий Кличколарды ерекше атар едім", - дейді украиналық былғары қолғап шебері Мария Ефросининаға берген сұхбатында.

Александр Усик 2021 жылдың қыркүйегінде ұлыбританиялық Энтони Джоушамен кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен еді. Бұл украиналықтың кәсіпқой бокстағы қатарынан 19 жеңісі болды.

Еске салайық, Мұхаммед Әли 1964-66, 1974-78 жылдары аса ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған. Әуесқойлар арасында 1960 жылы Рим Олимпиадасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынды.

Майк Тайсон 1987-1990 жылдары әлемнің абсолют чемпионы атағын ұстап тұрды. WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: