Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері кәсіпқойдағы келесі айқасына дайындалуда

©instagram.com/jussupov_ablaikhan/

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіпов (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz.

Қазіргі таңда боксшы Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Боксшының командасына жақын дереккөз мәліметінше, Абылайхан рингке осы көктемде оралады. Шамамен наурыз ортасы немесе сәуірдің басында. 

Кейінгі рет Жүсіпов 27 тамыз Талсада жұдырықтасып, никарагуалық Уистон Кампосты (33-12-6, 20 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Абылайхан әуесқойда үш мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған (2017, 2019, 2021), сонымен бірге, 2017 жылы Азия чемпионатының күмісін иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар