Әлем чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың финалдық айқастарына тікелей трансляция

Cурет: ҚБФ

Бүгін, 23 сәуір Польшадағы жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында ерлердің финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан командасынан алтын үшін төрт боксшы айқасқа түседі. Рингке бірінші Санжар Тәшкенбай шығады (49 келі), ол 2020 жылғы Еуропа чемпионы ресейлік Роберт Бадалянмен жұдырықтасады. Ерболат Сабыр (56 келі) үндістандық Сачинге қарсы тұрады. Үшінші кездесуде Елнұр Сүйінбай (60 келі) 2019 жылғы Азия чемпионы жапониялық Реито Цуцумимен күш сынасады. Ал Сабыржан Аққалыков (64 келі) 2020 жылғы Еуропа чемпионатының жүлдегері Бозорбой Матякубовпен шығады. 

Еске салайық, осыған дейін Диас Молжігітов (75 келі) құрама қоржынына қола жүлде салған. 

Тікелей трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 20:00-де басталады.

 

Жаңалықтар