Бокс
Бүгін 15:00

Әлем чемпионатындағы жеңістен кейін Сәкен Бибосыновқа ақ боз ат мінгізді

© instagram/sakenbibosinov

Шымкент қаласында бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновты салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Іс-шара Орталық Азия инновациялық университетінде ұйымдастырылды. Айта кетейік, атақты боксшы осы оқу орнының түлегі.

Салтанатты кеш барысында Сәкен Бибосыновқа ақбоз ат сыйға тартылып, иығына қазақтыуң ұлттық шапаны жабылды. Сондай-ақ, спортшыға екі миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

"Ең құнды сыйлық - ат та емес, көлік те емес, пәтер де, үй де емес. Ең бастысы - адамдардың шынайы ықыласы мен жылы лебізі. Сол үшін баршаңызға үлкен алғыс айтамын. Мен үшін нағыз сыйлық - осы", - деді Бибосынов.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген 2025 жылғы әлем чемпионының жеңімпазы атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте ол ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport