1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 12:16
 

Әлем чемпионатындағы жеңістен кейін Бибосыновқа көлік тарту етті

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионатындағы жеңістен кейін Бибосыновқа көлік тарту етті ©instagram.com/sakenbibosinov/

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін сыйлық берілді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Otyrar басылымына сілтеме жасап.

blog.share

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін сыйлық берілді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Әлем чемпионы атанған спортшыны Түркістан қаласында құрметтеп, Бибосыновқа су жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

Осындай сыйлық 2025 жылғы каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанайға да берілді.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген 2025 жылғы әлем чемпионының жеңімпазы атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол ресейлік Вячеслав Рогозинді екінші раундта нокдаунға түсіріп, жеңіске жеткен болатын.

Сәкен Бибосынов - Токио Олимпиадасының (2020) қола жүлдегері және 2024 жылғы Олимпиада қатысушысы, екі дүркін әлем чемпионы (2021 және 2025), 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ, Азия чемпионатының күміс (2022) және қола (2021) жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!