Бокс
10 қыркүйек 09:16

Әлем чемпионатында төрешілер Бекзатты "аяқтан шалды"

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық кездесуде ол Грузия боксшысы Георгий Кушиташвилимен жұдырықтасты.

Бірінші раунд Нұрдәулетовтің айқын басымдығымен аяқталды - 5:0. Тіпті Бекзат қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда екінші үш минуттықта грузиялық боксшы барлық төрешілердің қолдауын алып, жалпы есеп теңесті - 19:19, 19:19, 19:19, 19:19, 19:19.

Шешуші үшінші раундта Кушиташвили қабағынан жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Соған қарамастан, төрешілер бұл раундты грузиялық боксшының пайдасына шешті - 3:2.

Нәтижесінде кездесу Георгий Кушиташвилидің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, 27 жастағы Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысып, кәсіпқой рингте алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның екеуінде қарсыласын нокаутпен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport