Қазақстандық жас боксшы Жансері Көшербаев Будвада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама жеңіп алды.
57 келіде жұдырықтасатын Жансерінің қарсыласы тәжікстандық Шодмехир Давлатов болды.
Бірінші раундта қазақ бкосшы қарсыласын бір рет есеңгіретті. Екінші раундта Көшербаев тәжікстандықты тағы да екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылай техникалық нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық боксшы жарыстың 1/4 финалына өтті.