Бокс
Бүгін 21:19

Әлем чемпионатында қазақ боксшы фаворит есептелген америкалықты жеңді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Бибарыс чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі амеркиалық Асанте Ламармен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы әлем чемпионатының кемі қола жүлдесін иеленеді.

World Boxing ұйымының эгидасымен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Жарыста 69 елден келген 474 спортшы ерлер мен әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінің жүлделері үшін бақ сынап жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport