Бокс
9 қыркүйек 19:40

Әлем чемпионатында ауыр салмақтағы екі қазақ бір-бірімен айқасты

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Жарыс Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финал кезеңінде ол Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрбек Оралбайға берді. Алғашқы екі раунд 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілсе, соңғы үш минутта Қытай өкілі 4:1 есебімен басым болды.

Еске салайық, 1/16 финалда Нұрбек Украина боксшысы Матвей Ражбуды жеңген болатын.

Нұрбек Оралбай - 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport