Бокс
Кеше 21:57

Әлем біріншілігінің вице-чемпионы Қазақстанды жүлдесіз қалдырды

©

Қазақстандық боксшы Илья Калинин Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері бразилиялық Юри Фалькао Рейске 0:5 есебімен жеңілді.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тохтасынов 70 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерін айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport