1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:29
 

Әлем боксының аңызы Жәнібекті не күтіп тұрғанын айтты

  Пікірлер

blog.share

Әлем боксының аңызы Жәнібекті не күтіп тұрғанын айтты ©Тұрар Қазанғапов/Vesti.kz.

АҚШ-тың аңыз боксшысы кіші  Рой Джонс WBO және IBF чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының болашағына қатысты пікіпр білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

АҚШ-тың аңыз боксшысы кіші  Рой Джонс WBO және IBF чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының болашағына қатысты пікіпр білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық маманның айтуынша, қазақстандық боксшы қазірдің өзінде орта салмақтағы өзге боксшылар арасынан айқын ерекшеленіп тұр және алдағы уақытта өзінің деңгейін ең жоғары сатыда дәлелдеуге толық қабілетті.

“Мен үшін ол – қазіргі бокстағы орта салмақта ең мықты. Ол ақыры бүкіл әлемге өзінің үздік екенін дәлелдеді. Абсолют чемпионның белбеуін жеңіп алу – тек уақыттың еншісіндегі мәселе”, – деді Рой Джонс Sport+ Qazaqstan-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Әлімханұлы WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Ларамен чемпиондық титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Бұл кездесуде WBO, IBF және WBA атағы сарапқа салынуы керек еді.

Алайда жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшының допинг сынамасынан мельдоний табылып, кездесу тоқтатылды.

Нәтижесінде Эрисланди Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36–5, 34 KO) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, өзінің чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!