Бокс
29 тамыз 2019 15:12

Александр Усик супер ауыр салмақтағы бірінші жекпе-жегінде кикбоксшымен жұдырықтасауы мүмкін

© eurosport.ru
Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Александр Усик (16-0, 12 КО) 12 қазан Чикагода (АҚШ) супер ауыр салмақта бірінші жекпе-жегін өткізеді. 

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, бұл жекпе-жекте Усик жеңілмеген 33 жастағы голландиялық Тайрон Спонгпен (13-0, 12 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Спонг ауыр салмақта WBC Latino мен WBO Latino тұжырымы бойынша Латын Америкасының чемпионы. 




Сонымен қоса, украиналық чемпионға қарсылас ретінде 34 жастағы америкалық Брайант Дженнингс (24-2, 14 КО) те қарастырылып отыр.

Коппинджердің сөзінше, Усиктің қарсыласы нақты кім болатыны жұма, 30 тамызда ресми хабарланады.

Еске салайық, Александр Усик 25 мамырда камерундық Карлос Такаммен (36-5-1, 28 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, украиналықтың жарақатына байланысты бұл жекпе-жек өтпеді. 

Ал Тайрон Спонг кәсіпқой бокстан бөлек, тай боксы, кикбоксинг және ережесіз жекпе-жекпен айналысқан. 2012 жылы 3 қарашада Спонг ММА бойынша ережесіз жекпе-жекте америкалық файтер Трэвис Бартлетті нокаутпен жеңген. Ал боксқа 2014 жылы аяғын сындырып алған соң келген.