Алдымен екі құлатты. Жанқош титулды айқаста сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

12 желтоқсан 2022 09:09
©Тұрар Қазанғапов

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақ боксшы Жанқош Тұраров IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бос болған титул венесуэлалық Энрике Луиспен жекпе-жекте сарапқа салынды. 

Бұл кездесу Алматыда өткен бокс кешінің басты айқасы болды. Кездесу он раундқа есептелген болатын, алайда жетінші раундта Жанқош қарсыласын екі рет құлатып, одан кейін ауыр нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет бокс кешінің трансляциясын DAZN платформасы жүргізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар