Бокс
15 қаңтар 2020 08:45

"Алдағы он жылдықтағы ең мықтылардың бірі". Головкиннің орта салмақтағы ізбасары аталды

© XSPORT.ua
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) атақты отандасы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) биігіне жетеді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокс сарапшысы Филипп Сен-Мартен


"Ахмедовтың әуесқойдағы тәжірибесі мол емес, дегенмен, кәсіпқойда мықты боларына күмән жоқ. Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясы оны басты активі ретінде есептейтіні көрініп тұр. Биыл ол бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасса таң қалмаймын. 

Меніңше, ол алдағы он жылдықта ең мықты боксшылардың бірі ететін тура жолда. Ол атақты отандасы Геннадий Головкин жеткен биіктерден көріне алады деп есептеймін", - дейді Сен-Мартен. 

Еске салайық, Ахмедов 8 джелтоқсан Канаданың Монреаль қаласында өткен кейінгі жекпе-жегінде 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутпен жеңген.