Екінші орта салмақта өнер көрсететін 25 жастағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) 39 жастағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Дос, ұстаз, чемпионмен! Алда үлкен жоспарлар мен міндеттер тұр. Жақында іске кірісеміз", - деп жазыпты Али Instagram желісінде.
Еске салайық, GGG Алматыда өткен қайырымдылық шарасына қатысты. Головкин тамызда рингке шағады деп күтілуде. Қарсылас 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері бразилиялық Эскива Фалькао (28-0, 20 КО) болуы ықтимал.
Ал ісін GGG Promotions жүргізетін Ахмедов желтоқсанда өткен кейінгі жекпе-жегінде 32 жастағы эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) нокаутпен жеңіліп, IBO чемпионы атану мүмкіндігін жіберіп алды.