Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде пост жариялап, биыл мықты қарсыластарды жеңіп, алда чемпиондық жекпе-жек күтетінін жазыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Құрметті жанкүйерлер! Аллаға шүкір, бір белесті артта қалдырдық. Биыл екі бірдей экс әлем чемпионын ұттық. Бұйыртса алдымызда чемпиондық жекпе-жек тұр.
Оның болғанынан боладысы қызық болары анық. Өздеріңіз де жаңалықтардан оқып жатқан шығарсыздар. Біздің кез-келген чемпионмен шығуға дайын екенімізді білесіздер. Сіздер сияқты біз де жаңалықтар күтетін боламыз.
Әзірге команда демалыста. Әлеуметтік желідегі белсенділікті азайтамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Жеңісті күндерде жолығайық! Қазақ стилі нөмірі бірінші", - делінген жазбада.