Ақысы кеміді. Екі титул үшін айқастағы Жәнібектің гонорары белгілі болды

©x.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек үшін қанша алатыны айтылды. 

The Ring мәліметінше, чемпион ретінде Жәнібек бұл айқас үшін 228 150 доллар, ал міндетті үміткер ретінде Михайлович 122 850 доллар гонорар түрінде алады. 

Бұған дейін Әлімханұлы кепілді түрде 350 мың доллар, ал Михайлович 200 мың алатыны айтылған еді.

Алайда Жәнібектің ісін жүргізетін Тop Rank промоутерлік сауданы Михайловичтің ісін жүргізетіндерге ұтылып қалды. Осылай кейбір шарттар өзгеріп кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар