Бокс
20 маусым 2019 12:03

"Ақылмен жасалған нокаут". Белгілі бапкер Головкиннің бокстағы интелектін жоғары бағалады

Головкин және Роллс. Сурет: vk.com/ggolovkin
Белгілі америкалық бапкер және ESPN арнасының сарапшысы Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутқа жіберген соққысы қалай жасалғанын тарқатып айтты.

Төртінші раундта GGG қарсыласын сол жақ хукпен нокаутқа түсірді. Роллса үшін бұл карьерасындағы және нокаутпен алғашқы жеңілісі болды.

"Головкин бір бағытта соққы жасап тұрып, бірден солақайдың тұрысына ауысты да, сол жақ хукпен дәл тиді - осы қолына бар күшін салды. Роллс үшін Головкин соққы жасаған тұсы көзден таса қалды - қолғаптар артынан ұрғалы жатқанын көріп үлгермеді. Ол шабуылдың басқа қырынан болғанына икемделіп үлгермеді, өйткені қайтадан джеб ұрады деп ойлады. Ол бұл соққыны көрген де жоқ. Бұл нокаут ақылмен жасалды, зердемен және тәжірибемен жасалды. Бұл Головкиннің орындауындағы тамаша өнер еді", - дейді Атлас.