Бірінші жартылай орта салмақта IBF чемпионы болған Қазақстан тумасы Сергей Липинец (17-2-1, 13 KO) MMA.Metaratings.ru басылмына берген сұхбатында WBC титулы үшін айқасатынын мәлімдеді.
Ол WBC белбеуін сарапқа салатын Реджис Прогрейс - Хосе Сепеда жеңімпазымен айқасу керек.
"Мен WBC белбеуіне міндетті қарсылас атандым. Тейлор WBC және WBA титулдарын босатты. WBA чемпиондығы үшін айқаста Альберто Пуэлло Батыр Ахмедовті жеңді. Ал WBC титулын Реджис Прогрейс пен Хосе Сепеда сарапқа салады. Жеңімпаз менімен жұдырықтасуға міндетті", - дейді боксшы.