Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі қарсыласына қатысты жағдайды түсіндірді.
"Шираз үндемейді. Жаңалық күтіп отырмыз! Сонымен қоса, Адамеспен жекпе-жек өткізу үшін жұмыс жасалып жатыр. Бәрі келесі аптада белгілі болады. Лара да үнсіз", - деп жазыпты Жәнібек Facebook желісінде.
Сонымен бірге, қазақ боксшы басты мақсаты титулдар екенін нақтылап өтті.
"Жігіттер менің уақытым келді! Мен орта салмақ патшасымын! Ақшаға түкіргенмі бар, маған менің титулдарым керек", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттерде.