"Ақшадан да, атақтан да артық". WBO чемпионы "Канелоны" жеңіп бокс әлемін түңілдірмек

Сурет: ESPN

Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) осы дивизионда WBA және WBC титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (55-1-2, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Бұл айқас 8 мамыр АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium аренасында өтеді

"Адамдар мені дұрыс өмір сүрмеді деуі мүмкін, бірақ, мен бәрін кері істеп жетістікке жеттім. Екі дүркін әлем чемпионы атанып, отыз жекпе-жектің бәрінде жеңдім. Әр айқаста жеңіп, сыншылардың күткенінен асып түстім. Бірдеңені дұрыс жасамайтын болармын, алайда, басқаша істегім келмейді. Қалай ету керегін өзім шешіп, өз жолыммен жүре беермін.

Осы сәтті өмір бойы күттім, бала кезімнен. Осы жолды жүріп өтіп, осында жеттім. Сондықтан бокс тарихында ең үлкен түңілу не екенін көрсетемін. Бұл айқастағы жеңіс мен үшін осы өмірдегі ең мыңызды дүние. Ақшадан да, атақ және басқасынан да артық. Жеңісті өте қалаймын", - дейді Сондерс ВВС арансына берген сұхбатында.