Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон блогер Логан Полды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ФАН порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы аты аңызға айналған спортшы Hot Boxing подкастында мәлімдеді.
Тайсон бұл жекпе-жектен қыруар ақша табатынын айтты. Сондай-ақ, ол Логан Пол мен оның ағасы Джейк мұндай көп миллиондық жекпе-жектен ешқашан бас тартпайтынын атап өтті. Боксшы видеоблогерлер 100 миллион доллар үшін бәрін жасайтынына, тіпті өзін ұруға мүмкіндік беретініне сенімді.
Логан Пол 2021 жылдың жазында рингке шыққан. Ол кезде қарсыласы боксшы Флойд Мейуезер болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңімпаз аталмады. Оның ағасы Джейк те бірнеше жекпе-жек өткізіп, UFC спортшыларын жеңген.