Бокс
9 сәуір 2020 10:23

Ақша маңызды емес. Жартылай ауыр дивизионда әлем чемпионы "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Сурет: AllBoxing.ru
Жартылай ауыр салмақта WBA (Super) чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (17-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-2-1, 36 КО) жұдырықтасу үшін екінші орта салмаққа түсуге дайын екенін мәлімдеді.

"Бір жыдан асты айтып жүргеніме, "Канеломен" жекпе-жек үшін екінші орта салмаққа түсе аламын, дайынмын. Пандемия кезінде жаттығуды тоқтатқан жоқпын, әлеуметтік желіден "Канелоның" да жаттығып жатқанын көрдім. 

Менің командам және Golden Boy Promotions осы мүмкіндікті талқылағанын білемін, жекпе-жекті ойға қонымды қаржылық шарттармен өткізуге дайынбыз. Командам менің басты мақсатым гонорар емес, әлемнің ең мықты боксшысымен айқас екенін түсінеді. Оны жеңе алатынымды білемін, сосын жеңістің жемісін жеймін", - деп келтіреді боксшының сөзін "Мир бокса" промоутерлік компаниясы.