АҚШ-тың танымал басылымы Елеусіновтың жеңілісі туралы пікір білдірді

© instagram.com/daurenyeleussinov/

Америкалық Boxingscene.com сайты 36 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтың 26 жастағы америкалық супер орта салмақтағы боксшы Джуниор Юнанға қарсы өткізген кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек өткен демалыста Бруклиннің (АҚШ, Нью-Йорк) Barclays Center аренасында өтті және қазақстандық спортшы бірінші раундта жеңіліс тапты.  

"Джуниор Юнанға қиын кездесулердің бірі болуы тиіс жекпе-жекте жеңуге бір раундтқа жетер-жетпес уақыттың өзі жеткілікті болды.

Кездесу бастала сала Юнан Елеусіновке тұра бас салды. Күші басымырақ Юнан ауыр соққыларын жаудырды. Елесуінов реттеле алмай, кездесу 1 минут 47 секундта аяқталды.

15 айдан бергі бірінші кездесуіне шыққан Юнан өз қоржынына 11-ші нокаутын салды, рекорды 17-0-1 болып өзгерді.  Ал Елеусінов (10-2-1, 9 КО) болса өзінің жеті жылдық кәсіби мансабында бірінші рет нокаутпен жеңілді", - дейді басылым.

Естеріңізге сала кетейік, кештің негізгі кездесуі бірінші орта салмақ шегінде өтті. Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, америкалық Дэнни Гарсия (37-3, 21 КО) отандасы Хосе Бенавидесті (27-2-1, 18 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар