KdHXo1g7Vw7GkTviOeovgOeNf1jj9sYdkQcmpHQO
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

АҚШ-тағы жекпе-жек алдында Әлімханұлы үш салмақтағы экс-чемпионның ұлымен спарринг өткізді

АҚШ-тағы жекпе-жек алдында Әлімханұлы үш салмақтағы экс-чемпионның ұлымен спарринг өткізді
Жәнібек Әлімханулы. © Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінің алдында америкалық кіші Шейн Мозлимен (10-2, 7 КО) спарринг өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің (49-10-1, 41 КО) ұлымен дайындық жекпе-жегі жаттығу бағдарламасының қорытынды бөлігі. Кіші Мозли кәсіпқой боксқа төрт жыл бұрын келген, осы уақытта ол 12 жекпе-жек өткізіп, екеуінде ғана ұпай санымен жеңілген. 

Әлімханұлы кіші Шейн Мозлимен үш раундтық жекпе-жек өткізді. 



Жәнібек Әлімханұлын АҚШ-тағы екінші жекпе-жегінде12 жеңісі бар "айуанмен" жұдырқтастырмақ

Жәнібек Әлімханұлының Америкадағы алғашқы жекпе-жегі 28 қыркүйекте Окландтағы бокс кешінде өтеді. Сегіз раундтық жекпе-жекте қазақстандық боксшы 27 жастағы колумбиялық Карлос Галванмен (16-7-1, 15 КО) жұдырықтасады. 

Сонымен бірге, қазақстандық боксшының АҚШ-тағы екінші қарсыласы да белгілі болды. Әлімханұлы мен Вон Александр (лақап аты The Animal - "Аюан") арасындағы жекпе-жек 3 қарашаға белгіленген. Кездесу Техас штатындағы Эль Пасо қаласындағы екінші жартылай жеңіл салмақта Мигель Берчельто (34-1, 30 КО) және Мигель Роман (60-12, 47 КО) арасындағы WBC белбеуі үшін жекпе-жегінің андеркартында өтеді.

25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте екі рет жұдырықтасып, екі рет те жеңіске жеткен. Мұның алдында қазақстандық Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырып, мексикалықты нокаутқа түсіретін алғашқы боксшы болатынын мәлімдеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама