Бокс
30 қаңтар 2022 14:47

АҚШ-тағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы жеңіске жетті

©Allboxing

Американың Талса қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде бразилялық Робсон Консейсао (17-1, 8 КО) америкалық Хавьер Мартинесті (17-1, 11 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBC ұйымының екінші жартылай жеңіл салмақтағы элиминаторлы жекпе-жегі толық он раунд болды, оның қорытындысы бойынша Консейсао - 99-91, 100-90 және 98-92 есебімен жеңді.

Бұл айқастың бірінші жартысында Мартинес мықтырақ көрінсе, одан ары қарай Робсон қашықтықта жақсы жұмыс көрестіп, соққыларын дөп тигізіп отырды. Қалай дегенмен әуесқойда тәжірибесі мол болғаны көмектессе керек. 

Айта кетейік, Консейсао Рио-де-Жанейро Олимпиадасында чемпион болған. Ал 2016 жылғы Ойындардан кейін кәсіпқойға өтіп, америкалық белгілі промоутер Боб Аруммен келісімшарт жасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport