Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (15-0, 13 KO) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бек Нұрмағанбеттің жаңа қарсыласы белгіліБек Нұрмағанбет 25 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы тывалық Артыш Лопсан (14-3-2, 9 KO) болады. Рейтингтік кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Нұрмағанбет екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің жаттығу лагерінде дайындалып, оның спарринг-серіктесі болған.
Бокс кешінің басты оқиғасы қазақстандық Әли Ахмедов пен Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллем арасындағы кездесу болмақ. Бұл айқаста IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Бек Нұрмағанбет соңғы рет 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасып, америкалық Стивен Самптерді (11-2-1, 9 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді.
Ал Артыш Лопсан биылғы қаңтардағы соңғы кездесуінде жерлесі Чээрав Ашалаевтан (2-0, 0 KO) төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліс тапқан.