АҚШ-та Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесуге қатысты болжам айтылды
Супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Генадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші кездесу - осы дивизионда болуы мүмкін ең керемет жекпе-жек. Бүл пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында америкалық Delcotimes.com басылымының журналисті Джек МакКаферри айтты.

Трилогия 17 қыркүйекте суперорта салмақ лимиті бойынша өтеді. Мексикалық үшін бұл абсолют чемпион атағын қорғайтын алғашқы жекпе-жегі болмақ.
"Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесуді ел ұзақ күтті. Бұған дейінгі айқастарда көрермен шынайы бәсекені көрді. Олардың жекпе-жегі екінші орта салмақтағы ең керемет кездесу. "Канело" Биволға есе жіберген соң, жанкүйерлер арасында оның кереметтігіне күмән туғанын білеміз. Алайда алдағы кездесуде жарқын жеңіске жетсе, ол күмәнның сейілетіні анық. Бұл кездесу Головкинге де, Альвареске де бірдей мыңызды. Меніңше, бізді шынымен керемет шоу күтеді. Оның нәтижесін дәл қазір ешкім басып айта алмас" - дейді МакКафери.
Аталған боксшылардың осыған дейінгі кездесулері орта салмақта өткен еді. 2017 жылғы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін төрешілер мексикалықтың жеңісін тіркеді.
Жарнама