АҚШ-та Головкин-"Канело" трилогиясының жеңімпазы айтылды
АҚШ-тың Usatoday.com басылымы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
АҚШ-тың Usatoday.com басылымы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) трилогиясына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Көпшіліктің көңілі нәтижеге толмағанымен осыған дейінгі екі айқас жоғары деңгейде өтті. Головкин 40 жаста. Бір жағынан "Канело" да жақында 2013 жылдан бері бірінші рет жеңіліс тапты. Әрине Сауль Альварестің жастау болғандықтан фаворит деп санауға болар еді. Алайда екеуінің арасындағы екі жекпе-жектен кейін нақты кімнің жеңіске жететінін айту қиын. Бұл сұрақтың жауабын 17 қыркүйекте аламыз делінген", - мақалада.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы бірінші айқас тең есеппен аяқталса, екінші кездесуде "Канелоның" мерейі үстем болды.
Жарнама