Америкалық боксшы Нуридин Шабазз допинг-тесттен өте алмаған орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның пікірінше, Әлімханұлының кінәсі әлі дәлелденген жоқ. Бұған дейін қазақстандық боксшының қайта тексерістен өтуге дайын екені хабарланған еді.
"Біз сеніменбіз, чемпион! Толық дәлелденбегенге дейін сен кінәсізсің. Мен Жәнібекпен бүкіл жаттығу жиынында бірге болдым! Бұрын-соңды ол сияқты алдауға сонша қашық адамды көрген емеспін! Оның үстіне, исламда біз алдамаймыз", - деп жазды Шабазз әлеуметтік желіде.
I been with janibek all camp! Ain never came across even close to a guy that would cheat! Plus we don’t cheat in Islam ?❌ https://t.co/8R9i0dcHcK
— DeenTheGreat (@DeenTheGreat) December 2, 2025
Бұған дейін Алимханулының (17-0, 12 КО) допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний табылғаны белгілі болды. Сол себепті ол WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) титул біріктіретін жекпе-жекке шыға алмайтын болды.
Жәнібек Әлімханұлы допинг нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады
Жарнама