Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) қатысатын IBF нұсқасы бойынша әлем чемипионы атағына талас үшін өтетін турнир өте тартысты болады. Бұл туралы америкалық Delcotimes.com редакциясының журналисі Джек МакКафери өзінің Vesti.kz тілшісімен болған әңгімесі барысында айтып берді. Оның ойынша бұл барлық спортшылар үшін өз санаттарындағы үлкен серпіліс.
"Қазақстандық Жүкембаев алға үлкен қадам жасауға мүмкіндік алып отыр. Ол өз санатында өсуіне толық ықтималдылық бар. Оның тәжірибесі мол және мықты, дегенмен қартайып келе жатқан Мигель Васкесті жеңді. Қарсыласы жеңіліс көрмеген боксшылармен шаршы алаңға шыққан, әрі өзіне тән стилі бар боксшы. Ол Жүкембаевты бұрышқа тақап, біраз қиындық туғызуы мүмкін. Алайда қазақстандықтың шеберлігін ескерсек, бұл кездесу өте қызық болғалы тұр. Жалпы бұл турнир төрт бірдей "аш" және болашағынан үміт күттіретін боксшыны жинағалы тұр. Жеңімпаз чемпиондық белбеуге шын лайық спортшы болмақ" - МакКаферри.
Осыған дейін Жүкембаев пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (16-1, 16 КО) кездесу туралы келісімге келді деген ақпарат тараған болатын. Жекпе-жек алдағы жазда Premier Boxing Champions ұйымдастыруымен өтеді деп жоспарлануда. Бұл кездесу кіші-турнир аясында өтпек және жеңімпаз IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер болады. Жеңіске жеткен жағдайда Батыр аргентиналық Йерениас Понсе (27-0-0, 17 KO) мен британдық Льюис Ритсон (21-1-0, 12 KO) арасындағы басым түскен спортшымен шаршы алаңда кездесетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Жүкембаев 2020 жылдың қаңтарындағы Монреальда мексикалық Рикардо Ларуды (22-8, 10 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін әлі ешбір кездесу өткізген жоқ. Ол жекпе-жек нәтижесінде WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental нұсқаларында бірінші орта салмақ бойынша титулын сақтап қалған болатын.