auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"АҚШ пен әлемді бағындыру". Батыр Жүкембаев чемпиондық жекпе-жек мүмкіндігі жайлы

"АҚШ пен әлемді бағындыру". Батыр Жүкембаев чемпиондық жекпе-жек мүмкіндігі жайлы
Сурет: boxinggu.ru©

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-тағы өмірі, жаңа менеджері мен Энди Руистің бұрынғы бапкерімен қалай жаттығып жатқанын айтып берді. 

- Батыр, армысың! Жағдайың қалай? АҚШ-та жанкүйерлерің көбейе түсті ме?

- Армысыздар! Қазіргі кезде жанкүйерлерімнің қолдауын бұрынғыдан бетер сезініп жатырмын. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар жазып, сәттілік тілеуде. Бәріне алғысымды білдіремін. Бокс сүйетін америкалықтар да тілеуін айтып жатыр. Бұл елде менің келгенімнен хабардар, талқылап та жатыр. 

- Сен осыған дейін АҚШ-та бірнеше рет болғансың, енді Лос-Анджелесте тұрақты тұрып жатырсың. Үйрендің бе? Канаданы сағынасың ба?

- Иә, бәрі жақсы. Бұл қала бірден ұнады. Бұл қалада бокс қайнап тұр, сондықтан маған үлкен тәжірибе. Канада екінші үйімдей болған, карьерамның көп бөлігі сонда өтті. Енді жаңа деңгейге көтеріліп, АҚШ-та чемпиондыққа ұмтыламыз. 

 

- Карьераңда маңызды стратегиялық өзгерістер жасай алдың. Командаңды жаңарттың, жаңа бапкермен жаттығу қалай өтіп жатыр?

- Ұсыныстар арасында ұнағаны Мэнни Роблестікі болды. Ол Энди Руис пен Оскар Вальдес сияқты боксшыларды жаттықтырған. Бірінші жаттығуда-ақ тіл табысып кеттік. Ол біз кездескенге дейін жекпе-жектерімді қарап, сараптама жасап үлгеріпті. Өзінің жоспары мен стартегиясын айтты. Ол өз ісінің маманы, онымен жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымын. 

- Сен MTK Global компаниясының атақты менеджерімен де келісімшартқа отырдың. 

- Бұл ынтымақтастыққа қуаныштымын. Қазірі таңда карьерама үлкен қадамдар қажет. Рик Мириджан халықаралық деңгейдегі маман. Онымен ынтымақтастық менің карьерамды жаңа деңгейге көтереді. Қазір менеджер мен менің мақсатым бір - АҚШ пен әлем нарығын бағындыру, әлем чемпионы атану. 

- IBF бірінші орта салмақта чемпионға міндетті қарсыласты анықтамақ деген ақпарат бар. Төрт боксшының арасында сен де барсың, бұл сенің мүмкіндігің бе?

- Әрине, бұл жақсы мүмкіндік. БАҚ төрт үміткер ретінде мені, пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО), британиялық Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсені (27-0, 17 КО) атады. Бәріміз де ұйымның топ-15 рейтінгіндеміз. Менеджерім келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Қарсыластың есімі келісімшартқа қол қойған соң белгілі болады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама