АҚШ мамандары "Канелоның" қазақстандық спарринг-серіктесінің алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді
Қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың жеңілісі оның жекпе-жекке құрылған дұрыс емес жоспары мен назардың бір орында болмауынан. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри білдірді. Маман боксшының жалпы жетістікке жетуге болатындай қабілетінің бар екенін де айтып өтті.

"Момынов жалпы жаман өнер көрсеткен жоқ. Кей сәттерде фокус жоғалтқаны оны нокдаунға әкелді. Қарсыласы сол сәтті пайдаланып оны есеңгіретіп, жекпе-жекті өз пайдасына шеше алды. Соңғы раундтарда Руис шаршаңқы көрінді. Уақыт болғанда мүмкін қазақстандық есесін қайтарып алар ма еді?! Жеңілістер болып тұрады. Оның үстіне қарсыласы үшін бұл маңызды кездесу еді. Момынов енді қателіктерімен жұмыс жасап, өзіне сай қарсыластармен кездесуге тырысса болды. Мүмкін кездесудің уақытының аздығы да әсер етті. Қазақстандық әрі қарай да жекпе-жекті жалғастыруға дайын еді, бірақ кездесу тек сегіз раунд қана болды", - дейді МакКаферри.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіби бокстағы өзінің 13 жекпе-жегін АҚШ-тың Уэст-Пойнтында (Нью-Йорк штаты) түбі мексикалық болып келетін америкалық боксшы Анхель Руиске (17-1, 12 КО) қарсы өткізген еді. Жекпе-жек жоспардағыдай сегіз раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қазақстандықтың жеңілісімен аяқталды. Кездесу барысында Момынов екі рет нокдаунда болды.
Жарнама