АҚШ журналисті Головкинмен жекпе-жек "Канело" үшін аса қажет екенін ашып айтты

© Reuters
Амеркиалық Delcotimes.com порталының журналисті Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) үшін қазақстандық Геннадйи Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жектің үлкен маңызы барын айтады.

"Канело" DAZN платформасының басты жұлдызы екеніне келісемін. Дегенмен оның Джейкобс және Филдингпен жекпе-жегі жазушылар қатарын жетерліктей арттырмады. Стриминг қызметі оған үлкен қаржы құйды, енді қайтымын талап етіп отыр. "Канело" үшін келгендердің қаржысы оның келісімшартына жұмсалған қаржыны жаппайды. Осыған байланысты Головкинмен үшінші жекпе-жектің маңызы артуда. DAZN "Канелоға" қысым жасап отыр, өйткені бұл оқиға жазылушылар қатарын көбейтеді", - дейді МакКаферри.

Головкин - "Канело" трилогиясы 14 қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, мексикалық үшінші рет жұдырықтасудан бас тартқан. Мұның орнына Альварес бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жұдырықтаспақ еді. Дегенмен ресейлік боксшымен келіссөздер сәтсіз болып, ол қыркүйектегі жекпе-жегін мүлде өткізбейтін болды да, рингке оралуын жыл соңына шегерді.

5 тамызда IBF бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегіне рұқсат берді. Тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жекпе-жек 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп күтілуде.